Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирияға соғысуға кеткен 4 қазақстандыққа халықаралық іздеу жарияланды

Сирияға соғысуға кеткен 4 қазақстандыққа халықаралық іздеу жарияланды. Олар «террорлық әрекетке барған» деген күдікке ілігіп отыр.

Безымянный

Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Тергеу дәйектеріне қарағанда, қылмыскерлердің 2013 жылы Көкшетау маңында болған бірнеше қарулы қылмысқа тікелей қатысы болған. Бұны Ақмола облыстық прокуратурасы ресми мәлімдеді.

“Маратұлы, Нұрғалиев, Курашов және Қуановтар халықаралық іздеуге алынды. Қылмыстық кодекстің 172 бабы бойынша айып тағылған. Яғни қарулы қақтығысқа қатысқан делінген. Мәселен, Маратұлы мен Нұрғалиев Сирия лаңкестерінің қатарына қосылған екен. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастамасымен биыл оларға қатысты тергеу ісі жүргізіліп отыр”, – дейді Ақмола облыстық прокуратурасы 3-ші басқармасының аға прокуроры Талғат Ысқақов.

Жіберіп алмаңыз:

Мысырға оқуға кеттім деген ақтөбелік жігіттің Сирияда соғысып жүргені анықталды

Ақтөбелік заңгер Сирияға аттанып «Ислам мемлекеті» әскеріне жақтасқан

БАҚ: Сириялық бүлікшілер тұтқынға түскен баланың басын кесіп алды

Сириядағы террористердің қатарына қосылмақ болған ақтөбеліктер нұсқауды интернет арқылы алған

Қарағандыда жарылыс ұйымдастырмақ болғандар Сирияға аттануды жоспарлаған

Талқылау