Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирияға кетуді жоспарлаған 12 ақтөбелік терроршыға қатысты үкім оқылды

ДАИШ террористік ұйымының құрамында қарулы қақтығыстарға қатысу үшін Қазақстаннан Сирияға заңсыз өтпек болған 12 ақтөбелік сот үкімімен 6-8 жылға бас бостандығынан айырылып, мүліктері тәркіленді.

20160712121536

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Үкім бүгін Ақтөбе қаласының №2 сотында шығарылды.

«Сот үкімімен барлық 12 тұлға ҚР ҚК 24/3, 257/2, 258/1 баптары бойынша, яғни террористік топтың қызметіне немесе жасалған террористік актілерге қатысу, террористік және экстремистік әрекетті қаржыландыу және басқа да жәрдемдесу әрекеті бойынша кінәлі деп танылды», – дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Анар Айтжанова.

Лаңкестерді арбаушы жанмен сотталушылар ғаламтор арқылы сөйлескен. Халықаралық террористік ұйымның қатарына кіру үшін, Өзбекстан мен Қырғызстан азаматы деген жалған құжат дайындаған. Ал сотталушылардың бірі оларға қаржылық көмек көрсеткен.

Ең жас сотталушы 20 жаста, ең үлкені – 67-де. Олардың барлығы жұмыссыз, отбасылы жандар, үшеуі бұрын сотталған.

Қамау кезінде анықталған банктегі 1 миллион теңге және 5700 доллар мемлекетке қайтарып алынады.

Бұған дейін Ақтөбедегі террористерге Сириядан үндеу жасалған болуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда жарылыс ұйымдастырмақ болғандар Сирияға аттануды жоспарлаған

13 жасар алматылық содырға ғашық болып, Сирияға бармақ болған

Павлодарда Сириядағы соғысқа бармақ болған жігіт сотталды

Ақтөбедегі террористерге Сириядан үндеу жасалған болуы мүмкін

Талқылау