Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сириядағы террористердің қатарына қосылмақ болған ақтөбеліктер нұсқауды интернет арқылы алған

Сирияға барып соғыспақ болған 12 ақтөбелікке қатысты сот үкімі шықты. Енді олар 6 жылдан 8 жылға дейін түрмеде отыруы тиіс деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ымым

Куәгерлердің қауіпсіздігі үшін бұған дейін сот отырысы жабық өткен болатын. Оған тіпті сотталушылардың туыстарын кіргізбеді. Ал айыпталып жатқан 12 ақтөбелік осыдан 5 ай бұрын Хромтау ауданында ұсталғанын еді. Жиһадшылар тіпті бала-шағаларын да Сирияға бірге алып кетпек болған. Сол үшін Газель жалдап, машинамен Өзбекстан шекарасын кесуді жоспарлапты.

Араларындағы біреуі Қырғызстан мен Өзбекстанның жалған төлқұжаттарын алдын ала әзірлеткен екен. Осы құжатпен Түркияға өтіп, кейін Сирияға жетпек болған. Сотталғандардың ең жасы жиырмада, үлкені елу жетіде. Нұсқауды интернет арқылы алдық деген олар, бүгінгі сотта халықаралық лаңкестік топ құрамына қосылмақшы болғанын жасырған да жоқ.

Талқылау