Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сириядағы атыс алаңынан құтқарылған әйел төрт баласымен Қазақстанға жеткізілді

Сирияға барған Қазақстан азаматы дипломаттардың арқасында елге аман-есен оралды.

«Кішкентай балаларымен бірге Сириядан Грозныйға жеткізілген Қазақстан азаматы  үйлеріне келді»,-деп хабарлады  Қазақстан сыртқы істер  министрінің  баспасөз өкілі Ануар Жайнаков.

Төрт баланың анасы Сириядағы атыс алаңынан құтқарылып, Шешен Республикасына жеткізілген еді.

«Кәмелет жасына толмаған 4 баласы бар әйелді Ресей тарапы Сириядағы атыс аймағынан құтқарып алған еді. Келіншек балаларымен бірге қазір өз отанына жеткізілді»,-дейді  Ануар Жайнаков.

Әйелдің тұңғышы 5 жасар, ең кенжесі  әлі жасына да толмаған.

«Ол  Орал қаласының тұрғыны. Тура қазір қай жерде екені бізге де белгісіз»,-деді СІМ баспасөз өкілі.

Осы айдың басында Сирияның қауіпті аймағынан 40-қа жуық азамат құтқарылып, Ресейге жеткізілген еді. Олардың арасында Өзбекстан,  Ингушетия, Дағыстан азаматтары бар. Олардың барлығы сыртқы байланыстар арқылы өз елдеріне оралып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Ғашық жігіттің рөлін сомдаған Бағлан Әбдірайымов елдің сынына ұшырады (видео)

Қайрат Нұртас жары Жұлдызбен бірге ән шырқады (видео)

ҰОС ардагеріне көмектескен Асылхан Төлепов дүйім жұртты тамсандырды

Бір топ бұзақылар Сәкен Майғазиев пен Жанболатты өлімші етіп сабап тастаған

 

 

Талқылау