Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирияда жүрген 80 бала Қазақстанға оралды

Сирия жеріне ата-анасымен атанып, сұм соғысты көзімен көрген 80-ге жуық бала Қазақстанға оралды. Олардың дені 6 жасқа толмаған екен. Ал үлкендерінің өзі 12 жас шамасында.

Сирияда жүрген  80 бала Қазақстанға оралды

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жауапты органдардың мәліметінше, елімізден Сирияға 400-ге тарта бала аттанған көрінеді. Ал таяуда елімізге оралған 80 баланы еліміздегі жүйеге бейімдеу үшін жұмыстар жүргізілмек.

«Құқық қорғау органдарының берген мәліметіне сәйкес, 80-ге жуық бала қайтып келді. Ол балалар соғыс жағдайында болды. Сондықтан олармен жұмыс істеу керек. Оларды бейімдеу керек қайтадан біздің жүйеге», – дейді ҚР Қоғамдық даму министрінің орынбасары Берік Арын.

Бұл орайда дінтанушылардың да пікірі бір жерден шықты. Ата-анасының қабылдаған шешіміне балалары жазықты емес деген сарапшылар елімізде олардың радикалдық идеядан бас тарқанын қаламайтындар бар екенін ескертті.

«Алайда бұл балаларда, бұл отбасыларда радикалдардың да мүддесі бар екенін естен шығармауымыз керек. Яғни олардың үнемі бақылауда ұстау  қажет. Сондықтан олар кез-келген мақсатта, кез келген мүдде тұрғысынан, кез келген миссиямен келген болуы мүмкін. Біз оны нақты білмейміз, – дейді дінтанушы Кеңшілік Тышқан.

Ал Сириядан келген 80-ге жуық бала ата-анасымен бірге қайтып оралды ма және бейімделу курсы тәмамдалғанша олардың қайда болатыны әзірге белгісіз қалып отыр.

Елімізде қабылданған жаңа заң бойынша лаңкестік әрекеттерге қатысы барлар азаматтығынан айырылады. Алайда әзірге ешбір адамға қатысты мұндай шешім шықпаған. Соған қарағанда, Сирияға аттанған қазақстандықтар лаңкестік топтарға мүше емес пе, әлде заң қолданылмай жатыр ма, ол жағы жұмбақ қалуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау