Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирияда Ресейдің Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады

Ресей Түркия Сириямен шекарада атып түсірген ресейлік Су-24 жойғыш ұшағының екі ұшқышын іздеу операциясын жүргізіп жатқан Ми-8 тікұшағы да апатқа ұшыраған.

тікуш

Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды

Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметінше, ұшқыштарды ізденуге қатысып жүрген екі Ми-8 тікұшағының бірін минометпен атқылаған. Апаттан тікұшақ эжкипажының бір ұшқышы қаза тауып, екіншісі аман қалған.

Бұдан бұрын Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымы Сирияның солтүстігіндегі үкімет әскері бақылайтын аймақта Ресейдің әскери тікұшағы көтерілісшілердің танкке қарсы қолданылатын зымыранынан атқыланып, қонуға мәжбүр болғанын хабарлаған.

Ұйым тікұшақ Латакия провинциясында қонуға мәжбүр болғанын және экипаждың аман қалуға мүмкіндігі болғанын, бірақ көтерілісшілер тікұшақ қона салысымен тағы да зымыранмен атып жойып жібергенін айтады.

24 қарашада Түркия әскери-әуе күштерінің F-16 ұшағы Сириямен шекарада “елдің әуе кеңістігін әлденеше рет бұзған” ресейлік Су-24 жойғыш ұшағын атып түсірген. Ұшақ экипажы парашютпен секіріп кеткен.

Талқылау