Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирияда Ресей ұшағы апатқа ұшырап, екі пилот қаза болды

РФ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Сирияда Ресейдің Су-30СМ ұшағы апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза болды.

Сирияда Ресей ұшағы апатқа ұшырап, екі пилот қаза болды

Апат Астана уақытымен 12:45 минутта Жерорта теңізінің аумағында болды.

“Екі ұшқыш та өмірінің соңына дейін күресті. Алайда оқиға орнында қаза болды”, – делінген ведомствода.

Болжам бойынша, ұшақ өртенбеген. Ұшақтың қозғалтқышына құс кептеліп қалған болуы мүмкін.

Соңғы рет Сирияда ресейлік әуе ұшағы наурыз айында апатқа ұшыраған болатын. Ан-26 ұшағы жарылып, 33 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі көз жұмған еді.

Тағы да оқыңыз:

Назарбаев 7 мамыр күнімен құттықтауды ұмытып кететін әйелдер туралы әзілдеді

Тоқтар Әубәкіров өзгепланеталықтарды өз көзімен көргенін айтты

Мәскеуде 4-қабаттан құлап кеткен қазақстандық қыз көз жұмды

Талқылау