Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Эфирге киімін киіп шығып едім": Дана Нұржігіт жан құрбысының өзіне жасаған жақсылығы туралы айтты

Елімізге белгілі тележүргізуші – Дана Нұржігіт бірнеше жыл бойы Сирияда өмір сүріп, жуырда ғана елге оралған құрбысы туралы желідегі парақшасында жазды. Журналистің сөзінше, соғыс аймағынан бейбіт елге жеткен құрбысының бар тілегі бомба үнін естімеу, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Alt

"Бірнеше күн бұрын ескі танысымнан мессенджерге хат келді. Бұл келіншек менің студенттік кездегі досымның сіңілісі. Жатақханада өте жақын араластық, бір кездері ТВ саласында да жұмыс істеді. Өмірімде бірінші рет шыққан эфирге осы Жазкамның киімін киіп шыққан едім. Иә, оның аты Жазира. Ол 90-шы жылдары Алматы медициналық институтында оқитын сириялық жігітке тұрмысқа шығып, Дамаскіде тұратын.

Соғыс басталғанда бомбаның астында қалған қалада тұрып, екі жыл бұрын үш қызы және күйеуімен Астанаға келген еді. Туған елі, топырағы әсер етті ме, қыздардан кейін күткен ұлын елордада босанды. Сәл аялдап, кішкентай аяқтанып кеткенде күйеуі "Дамаскідегі жағдай тынышталды" деп отбасын еліне көшіріп алып кетті. Жыл өтпей Жазира төрт баласымен қайтып келіп отыр, күйеуі елінде қалды. Қашан келетіні белгісіз. Дамасктегі жағдай мәз емес, бұл жақта үй жоқ, жұмыс жоқ. Қолдағы төрт баланың тұңғышы биыл мектеп бітіруі керек", - дейді ол. 

Дана құрбысымен телефон арқылы тілдесіп, оның әлі де жақсы өмірден үмітті екенін жасырмады. 

"Телефонда Жазөктің дауысы жабырқаған, үміті сөнген адамның дауысы емес. Екі сөзінің бірі "Жаным сол, еліме қайтып келдім ғой әйтеуір. Тыныштық болса, бәрі болады. Балаларым бомба естімесін, оқпен ойнамасын. Елдегі іріткіні "Анау жаман, мынау жаман" деп отырғандар бастап, аяғында соны басқалар ойнатып өрт шықты. Бейбіт өмірге ештеңе жетпейді екен. Тәубе, елім өлтірмес"  деп отыр", - деп жазған ол жазбасында. 

Өз кезегінде тележүргізушінің оқырмандары бейбіт өмірге ештеңе жетпейтінін жазып, елдегі тыныш өмірдің қадірін кей кездері бағалай алмай жатамыз десті. 

Еске салсақ, жуырда ғана Елбасының тапсырмасы бойынша "Жусан" операциясының үшінші кезеңі аяқталды. Сириядан қазақстандық азаматтарды елге жеткізу бойынша кешенді гуманитарлық операциясы барысында елге жалпы 516 қазақстандық жеткізілді. Оның 357-сі бала.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр