Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сирия аспақ болған 500 қазақстандық кері қайтарылды

Ақтөбе қаласында өткен Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті көшпелі отырысында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуды бағытындағы мәселелер талқыланып, заңнамалық жетілдіру шаралары қарастырылды.

1584645

Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.

“Заңнамалық өзгерістерді енгізудің нәтижесінде біздің еліміз көптеген конфессиялар мен ұлттардың бейбіт орталығына айналды. Бірақ, жаман айтпай, жақсы жоқ. Қазіргі уақытта өте сақ болуымыз керек. Бүгінгі күнде әлемді және біздің елімізді де алаңдатқан – діни экстермизм және лаңкестік мәселесі. Бұл ешқандай ұлтқа, дінге қарамайтын өте үлкен қауіп-қатер”, – деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, қазір ғаламторда ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Экстремизм мен терроризмді насихаттаушылар көбейген. Дені – ДАИШ лаңкестік тобының атынан бейнероликтер таратушылар. Соңғы 4 жылда сырттағы соғысқа аттанбақ болған 500 қазақстандық шекарадан кері қайтарылған. Қазіргі күннің өзінде елдің жүздеген азаматы Сирия мен Иракта соғысып жүр.

“Ондаған жылдар бұрын әлеуметтік желілердің экономикалық, идеологиялық, саяси әсерлері туралы білмек түгілі, тіпті, ойлаған да жоқпыз. Ондай дүниелерді әдеби шығармалар мен фантастикалық фильмдердің желісінен көретінбіз. Шын мәнінде, қазір ғаламторда ақпараттық соғыс жүріп жатыр. Бір ғана мысал келтірейін. Ғаламтор арқылы ДАИШ лаңкестік тобының қатарына қабылданып, адал болуға ант қабылдағандар туралы. Мәліметтерге сүйенсек, террористердің жартысы ДАИШ тобының атымен әрекет еткен. Алайда, олардың бір де біреуі ол топтың өкілдерімен тікелей байланыста болмаған. Олар тек бейнероликтер мен діни кітаптардың ықпалымен әрекет еткен. Міне, қазіргі әлеуметтік желінің рөлі осындай”, – деді Мәжіліс төрағасы.

Талқылау