Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер таяу тәулікте Жамбыл облысында су тасқыны жүретінін хабарлады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

16b541e6-703d-4024-989f-53ac98520504

Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.

Тек республиканың батыс және оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін.

Павлодар, Ақмола, облыстарының түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, түнде Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с болады.

Сондай-ақ, таяу тәулікте 28 маусымда күшті жаңбыр болжамына байланысты Жамбыл облысының жекелеген өзендерінде су тасқыны жүреді, деп хабарлайды Казгидромет.

Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады. Ал Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан Қостанай, облыстарының кей жерлерінде күндізгі уақытта өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 7-12 м/с. Ауаның температурасы түнде +10+12°С, күндіз +28+30°С болады.

Алматы қ: көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 2-7м/с. Ауаның температурасы түнде 19+21°С, күндіз +26+28°С болады.

Оқи отырыңыз:

Өскеменде полицейлер көшедегі қызға жыныс мүшесін көрсеткен ер адамды босата салды

Шымкенттік әйел өзін дуалап, күйеуімен ажырастырған құрбысы туралы айтты

Шымкенттік келіншек дуаның әсерінен өзін аямай соққыға жыққан күйеуі туралы айтты

Келіншек өзін жабылып ұратын қайын жұрты туралы айтып жылады

Талқылау