Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер шілде айына арналған ауа райы болжамын айтты

Алдын ала болжам бойынша, биылғы шілде айының температуралық режиміне көпжылдық белгілер тән, тек Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында  1°С қалыптан жоғары температура күтілуде.

ауа-райы

Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстарының басым бөлігінде жауын-шашынның айлық мөлшері қалыптан төмен, қалған аумақтағы жауын-шашын мөлшері қалыпты және қалыптан жоғары, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Алғашқы онкүндікте Қазақстан аумағындағы жаңбырлы ауа райы Батыс Сібір антициклонының әсерінен болады және соңғы онкүндікте кезекті Скандинавия аудандарының антициклоны орнайды.

3-4 және 7-8 шілдеде өткінші найзағайлы жаңбыр, жел жылдамдығы 15-20 м/с болады деп  күтілуде. Ауа температурасы түнде 10-18-ден 18-26 градусқа дейін, күндіз 22-30-дан 30-38 градус нөлден жоғары болмақ.

Қазақстанның солтүстік-батыс, солтүстік және орталық бөлігінде он күн бойы найзағайлы жаңбыр  және бұршақ жаууы мүмкін. Желдің күші 9-14, найзағай кезінде 15-20 м/с, ауа температурасы түнде 8-17 және 17-22, күндіз 15-25-тен 25-36 градусқа дейін көтеріледі.

Шығыста да жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел жылдамдығы 9-14, найзағай болса 15-20 м/с, түнде 10-22, күндіз 22-32 градус жылы болмақ.

Оңтүстікте 2-6 шілде күндері найзағай мен нөсер жауын күтілуде. 2,7-8 шілде аралығы түнде 18-23, күндіз 30-38 градус, қалған күндері түнде 13-18, күндіз 25-30 жылы болады.

Оңтүстік-шығыста бүкіл кезең жаңбыр мен найзағай, 4-5 шілде күндері бұршақты жаңбыр жаууы мүмкін. Түнде 18-23-тен 12-17-ге дейін, күндіз 27-35 және 22-27 градус өзгермелі ауа температурасы болады.

Болжам бойынша, екінші онкүндікте Орталық Азиядан жылы ауа массаларының келуімен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасы 38 градусқа дейін, солтүстік, шығыс және орталықта 35 градусқа дейін көтеріледі.

Шілденің үшінші онкүндігінде белсенді циклон әсерінен жаңбырлы салқын ауа райы күтілуде.

Ескерту: Синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай консультативтік болжам түзетіліп отырады.

 

Талқылау