Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер Қазақстанда күн қашан жылынатынын айтты

Қазақстанның солтүстігі мен шығыс, орталық облыстарындағы суық алдағы үш күнде де сақталады.

Синоптиктер Қазақстанда күн қашан жылынатынын айтты

“27 желтоқсанда солтүстік пен орталық Қазақстан облысында аяздың беті қайтады. Ал, шығыста аязды ауа райы болады”, – дейді синоптиктер.

Еліміздің батысында тұрақсыз ауа райы болады. Кей жерде жауын-шашынды, жел соғып, тұман түседі. Жер көктайғақтанады. Оңтүстік пен батыста 28 желтоқсанда күн жылына бастайды.

“Қазгидромет” мәліметінше, бұл түні Астанада 32 градустық аяз жүреді. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы тұрғындарды жылы киінуге, дәрігердің кеңесін ұстануға шақырады.

“Жылы киініп, еркін жүре алатындай, көп қабатты киім кию керек. Аяқ киіміңіз қысып тұрмайтын болсын. Аяқ киімдегі ауа жылылықты ұстап тұрады. Қалың табанды аяқ киім алыңыз. Аязда тұрмаңыз, темір заттар, соның ішінде алтын-күміс тақпаңыз. Құлақ пен бетті жауып жүру керек. Адамның осы екі мүшесі суыққа төзімсіз. Ал, ең суық мүше ол – мұрын. Тез тоңып, тез жылынады. Суықта мұрынмен демалыңыз. Алкоголь ішпеңіз. Ішімдік тек жылынып тұрғандай әсер береді, бірақ суық өткенін білдірмейді. Тойып тамақтанып жүріңіздер”, – деп кеңес берді  дәрігерлер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау