Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер: Қарашаның алғашқы онкүндігінде -11 градусқа дейін күн суытады

Синоптиктер қараша айында ауа райына болжам жасады.

«Қазгидромет» РМК хабарлағандай, қарашада ауа райы тұрақсыз,  жауын-шашын болады, тұман түседі, көктайғақ болады. Соның салдарынан еліміздің көпшілік бөлігінде температуралық режим климаттық нормада сақталады. Жауын-шашын оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, таулы және тау бөктері аудандарында нормадан артық жауады.

Бірінші онкүндікте Қазақстан территориясына суық антициклонның келуіне байланысты ауа райы ашық болады және температураның төмендеуі байқалады:

Еліміздің солтүстік бөлігінде түнде 6…11 градусқа дейін, күндіз 0…5 градусқа дейін суытады;

Түнде еліміздің оңтүстік бөлігінде 2…7 градусқа дейін жылы, күндіз 9…14 градусқа дейін жылы болады.

Екінші және үшінші онкүндігі  аралығында аздап күн суытады, қарашаның соңына қарай ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:

Солтүстікте, шығыста және елдің орталығында: түнде -17…-22 градусқа дейін, кей жерлерде -25 градус аяз, күндіз -10…-15 градусқа дейін, кей жерлерде -20 градус аяз болады;

Батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста: түнде -5…-10 градусқа дейін, кей жерлерде -15 градус суық, күндіз 0…5 градусқа дейін жылы, кей жерлерде -5 градусқа дейін суытады.

Талқылау