Синоптиктер демалыс күндері қандай ауа-райы болатынын болжады
2017 жылғы 24-26 маусымға арналған ауа-райы болжамын жария еткен синоптиктер, демалыс күндері елдің басым бөлігінде жауын болады деп болжауда.
Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды.
Өткен тәуліктерде ауа-райының ыстық 32-39 градус, кей жерлерінде максималды 40-43 градус температурасы Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс облыстарында байқалды. Осы кезеңдегі осындай ауа температурасының 5-7ºС жоғары болуы әдеттегідей.
Осы аймақтарда, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты ыстықтың төмендеуі күтіледі, кей жерлерде өткінші жаңбыр, найзағай жарқылдап, дауылды жел 15-25м/с соғып, кей жерлерде бұршақ болуы ықтимал.
Республиканың қалған аймағында Поволжьядан жылжып келе жатқан, салқын фронттардың әсерінен, сондай-ақ жаңбыр жауып, кей жерлерде бұршақ пен қатты екпінді жел болады деп болжануда. Температура төмендеп, климаттық нормаға жақын болады.
Оқи отырыңыз:
Атырауда туған анасы ер жетіп қалған ұлын интернатқа өткізді
СІМ басшысы Қазақстан әскерлерінің Сирияға жіберілуіне қатысты пікір білдірді
Елбасы елге ораламын деген қандастарға құжат жинатып, шырғалаң туғызбауды тапсырды
Президент: Әлемдегі қазақтардың сөйлескенде тілі бір болса, оқығанда үш түрлі