Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер биылғы қыстың қандай болатынын болжады

Елімізде қараша айы жауын-шашынды және желді болмады. Таңғы және түнгі сағаттарда тұман басып, мұз құбылыстары күтіледі. Айдың екінші жартысында елдің солтүстігі, шығысы және орталығында жел күшейіп, боран соғып, қар жауады.

Жақын үш тәулікте жауын-шашын соңы қарға ұласады. Циклонның жылжу шамасы бойынша және онымен республиканың солтүстік-шығысына солтүстік және шығыс облыстарында қатты қар жауып, 23-28 м/с ұйытқымалы жел соғады. Кейбір жерлерде боран соғып, көктайғақ болады.

Жақын тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде, 25 қазан күні оңтүстік-шығысында, жаңбыр жауады. Қазірдің өзінде таулы аймақтарда жаңбыр және қар жаууда. Еліміздің көп бөлігінде ауа температурасы төмендеп, климаттық нормадан 3-5º С төмен, оңтүстік облыстарда нормаға дейін төмен болады.

Ұзақ мерзімді болжамдарға сәйкес, Қазақстанда қыс ерте және қарлы болмақ. Гидрометорталығының директорыМарина Шмидт атап айтқандай, қарашаның соңында сезілерлік аяз күтіледі. Қараша айының соңында-ақ Қазақстанның солтүстік жартысында түнде ауа температурасы түнде 30 дейін, күндіз 15 дейін аяз күтіледі. Оңтүстік жартысында түнде минус 15 дейін, күндіз 5 дейін аяз күтіледі.

Тұрақты қар жамылғысының қалыптасуы Қазақстанның солтүстігінде, шығысы мен орталығында – қарашаның ортасында, ал Қазақстанның оңтүстігі мен батысында  – желтоқсанның екінші жартысында күтіледі.

Синоптиктердің ұзақ мерзімді болжамына сәйкес желтоқсанда арктикалық теңіз аудандарынан суық ауа массасының жиі енуінен республиканың шығыс жартысында суық және қарлы, ал батыс жартысында жылы ауа массасының шығуынан – жылы (нормадан 1°С жоғары) және аз қарлы ауа-райы күтілуде.

2018 жылғы қаңтар айында қар аз жауып, күн суық болады. Елдің көп бөлігінде температуралық фон көпжылдық орташа мәннен 1…2°С төмен болады деп болжанады. Тек біздің республиканың батыс және шеткі оңтүстік аймақтарында температуралық фон нормаға жуық болады деп күтілуде. Ай ішіндегі жауын-шашын мөлшері батыста, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы және тау бөктері аудандарында нормаға жуық болады күтіледі.

Ақпанда мол қар жауып, қатты жел мен боран күтілуде. Осы ретте біздің Республиканың солтүстік-батыс жартысында  ультраполярлық суық ауа массаларының енуімен бірқалыпты аязды, ауа температурасы  климаттық нормадан 1…2°С төмен ауа-райы күтілуде, ал еліміздің  оңтүстік-шығыс жартысында оңтүстік циклондардың жиі шығуымен температуралық фон климаттық нормаға жуық болады деп күтілуде.

Күнтізбелік көктемнің басталуы құбылмалы болады: жаңбыр жиі жауып, көктемгі жылы және ашық күндермен алмасып тұратын болады.

Ауаның орташа температурасы  наурызда нормадан 1°С жоғары оңтүстік-батыста және елдің оңтүстігінде, қалған аумақта – климаттық мәнге жуық болады деп күтіледі.

Жауын-шашын мөлшері батыста, солтүстікте, шығыс пен оңтүстік-шығыстың таулы және тау бөктері аудандарында нормадан жоғары, қалған аумақта – нормаға жуық болады деп болжанды.

Спикерлер атап өткендей, маусымдық болжам 60% дәлелділікпен консультациялық сипатта беріліп отыр, ол кейіннен айлық, онкүндіктік ауа-райы болжамдарымен және осыдан қысқа мерзімді болжамдармен нақтыланатын болады.

Тағы да оқыңыз:

Шығыс Қазақстан облысында үшем дүниеге келді

Алматы облысының жол бойында көлік жолаушы әйелдің аяғын жұлып әкетті (фото)

 

Талқылау