Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер: Қазақстанда қалың қардың соңы аязға ұласады

Алматыда 16 қаңтарға дейін қар үзіліссіз жауады. Қардың арты аязға ұласады, деп хабарлады ауа-райын болжаушылар.

Қалалық коммуналдық қызметшілер қар тазалауды жалғастырып жатыр. Өткен түннің өзінде қаладан 5,5 мың текше метр қар шығарылған.

Ауа райын болжаушылар, алдағы 3 тәулікте Қазақстан территориясында суық циклон өтетіндігін ескертті.

«Қазақстанның басқа да өңірлерінде қар жауып, батыс, солтүстік батыс желі соғады. Орталық және шығыс өңірлерде боран, оңтүстік пен оңтүстік шығыста көктайғақ болады. Скандинав аумағынан жылжыған циклон оңтүстік-шығыс бағытта жылжитын болады. 13 қаңтарда Қазақстанның көптеген аймақтарында ауа температурасы төмендейді», – деп болжайды синоптиктер.

Тағы оқыңыз:

СҚО-да боран кезінде жоғалып кеткен ауыл мұғалімінің өлі денесі табылды

Боранда көшеден табылған Астана тұрғыны жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстанда 940 мың адам ресми жалақы алмай жүр

Алматы облысында “маньяк” туралы қауесет таратқан әйел жауапқа тартылуда

 

 

 

Талқылау