Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Синоптиктер: Алдағы күндері 35°C аяз болады

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз, аяз болады.

“Қазгидромет” РМК 18-20 қаңтар аралығындағы ауа райына болжам ұсынады.

“Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде Сібір антициклонының ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, бірақ тұман түседі. Тропосфералық ағындар бағытының өзгеруіне байланысты, ауа температурасы сәл жоғарылап, орташа көпжылдық мәнге жақын болады”, — делінген хабарламада.

19 қаңтар күні республика бойынша ауа температурасы:

  • батыста түнде сынап бағанасы —10-15 °C, кей жерлерде —20-25°C, күндіз 0-5°C, кей жерлерде —8-13°C аязды көрсетеді;
  • солтүстікте түнде ауа температурасы —15-29°C, күндіз —8-17°C.
  • орталықта түнде 13-18°C, кей жерлерде 23-28°C аяз болады деп болжануда.  Күндіз температура —7-12°C, кей жерлерде —16°C аяз.
  • шығыс аймақтарда түнде 18-23°C, кейбір аудандарда 30-35°C аяз, күндіз 10-15°C, кей жерлерде 20-25°C аяз.
  • оңтүстікте түнгі ауа температурасы 5-10°C, кей жерлерде 17-22°C аяз болады, күндіз 2-7°C, кей жерлерде 5-10°C.

19 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт шығады, ауа райы жауын-шашынсыз болады. Шығыстан жылдамдығы 5-10 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы —20-22°C, күндіз —13-15°C.

Алматыда күн бұлтты, кей жерлерде жауын-шашынсыз, тұман түседі деп болжануда. Жел 0-5 м/с. Түнде сынап бағанасы 7-9°C, күндіз 0, —2°C көрсетеді.

Тағы да оқыңыз:

Шетелдіктер Лондондағы Қазақстан елшілігінің алдында «Борат» киімімен қазақты мазақ етті

Қарағанды облысының тұрғыны анасы мен әжесін өлтіріп, денесін өртеп жіберді

Қостанай облысында әкесі 3 жасар қызын құтқарып өзі көз жұмды

Талқылау