Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сіңлісі 9 рет түсік тастаған әпкесіне егіз сәби туып берді

Суррагат ананың айтуынша, ол өзі ана болғысы келмеген. Мұндай әрекетке әпкесіне көмектесу үшін барған.

Мелисса Кайсер 9 рет түсік тастаған соң ана атану үмітін үзеді. Оған дәрігерлер бедеулікпен күресудің және ЭКО жасатудың еш көмегі жоқ екенін де айтқан. Оған тек суррагат ана жалдау туралы ұсыныс айтыпты.

«Әйелдің негізгі міндеті ана атану болғандықтан мен сәби босана алмайтынымды білгенде өмірден түңіліп кеттім», – дейді Мелисса.

Осы кезде 35 жатсағы Лиза Аутен оған суррагат ана болуға ұсыныс айтады. Дәрігерлер оның жатырына екі эмбрион салуға кеңес береді. Олар екеуінің бірі тірі қалады деп сенеді. Алайда екі сәби де сау туған. Қазір Тирни мен Эшлинн есімді егіз қыздарға алты апта болды.

Енді суррагат ана Лиза сәбилері 6 айға толғанда ата-ана құқығынан айырылуы керек.

 

Талқылау