СІМ: Қырғызстаннан өлі табылған қазақстандық студент өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін

Алдын ала деректер бойынша, Қырғызстанда өлі табылған 24 жастағы қазақстандық студент Атанух Шерматов өзіне қол жұмсаған.

СІМ: Қырғызстаннан өлі табылған қазақстандық студент өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Өткен аптада Бішкекте жас жігіттің денесі табылған, ол Қазақстан азаматы. Алдын-ала болжам бойынша, өзіне-өзі қол жұмсаған, себебі оның жанында оқ атылған тапанша табылды», - деді Айбек Смадияров брифингіде. 

Смадияровтың айтуынша, студенттің денесі өз туыстарына берілді. Қырғызстанның құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Ақпан айының соңында Бішкектің жанындағы Қой-Таш ауылында оқ жарақатынан қаза тапқан қазақстандық студенттің денесі табылды. Марқұмның қолына ұстаған тапаншасы 2005 жылы Жалал-Абад полиция бөлімінен ұрланған.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр