Сілкініс жасады: Басков пен Киркоров Димаштың өнеріне қайран қалды (видео)

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Сочиде өткен халықаралық “Жаңа толқын” байқауынды сілкініс жасады.

Жас әртіс байқауда құрметті қонақ ретінде “А-Студио” тобының “Грешная страсть” әнін шырқады.

Байқауда Димашпен “МузТВ” арнасының директоры Арман Давлетияров танысты. Ол Димаштың таланттылығын атап өтті.

“Ол өнерімен біздің ресейліктерді баурап алды. Эстрада патшасы Филипп Киркоров Димаштың өнерін жоғары бағалады”,  – деп жазды Давлетияров парақшасында.

Сазгер Игорь Крутой мен Ани Лорак орнынан тұрып, Димаштың өнеріне қошемет білдірді. Димаш жастарды өнерімен сусындатқан  “А-Студио” тобына алғысын айтты. Димаштың тыңдармандары гүл шоқтарын беруге сахнаға ұмтылды.

“Басков мына көріністі көрсе, жүрек талмасы ұстап құлайтын шығар”, – деп әзілдеді концерт жүргізушісі Тимур Родригез.

Николай Басковтың өзі Арман Давлетияровтың жазбасына пікір білдіріп, Димаштың “керемет әнші” екенін айтты.

Желі қолданушылары “Ресейдің алтын дауысы” Николай Басковқа Димашпен дуэт жазуға кеңес берді. Тыңдармандары Димашты концерттен кейін де біраз уақыт жібергісі келмеді.

Димаш қалаға келмес бұрын көшеде билборд пен афишалар ілінген еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
14.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар