Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сицилияда қатты нөсердің салдарынан 12 адам көз жұмды

Демалыс күндері Сицилияда жауған жаңбырдың салдарынан қаза тапқан адамдардың саны он екіге жетті. Бұл туралы РИА Новости басылымына сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Каммарат қаласының жанында жауған нөсерлердің салдарынан көлікті өзен шайып кетті. Оның ішінде отырған екі адам қаза тапты.

Қайғылы оқиға жексенбіге қараған түні Кастельдачча қаласында орын алды. Қатты жаңбырдың салдарынан Милича өзені тасып, жағаға жақын жерде орналасқан үйді шайып кеткен. Бір және үш жастағы балалары бар отбасы батып кетті. Сонымен қатар, осыған ұқсас жағдайда Викари ауылында тұратын 44 жастағы ер адам көз жұмды. Екі адам жоғалып кетті. Сицилияның әкімшілік орталығының билігі қайтыс болған адамдар үшін екі күнді қаралы күндер деп жариялады.

Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте жексенбі күні Сицилияға аттанатынын мәлімдеді.

“Мен Азаматтық қорғаныспен үздіксіз байланыстамын. Солтүстік аймақтағы қайғылы жағдайлар туралы барлық ақпаратты алып тұрамын”, — деді премьер-министр.

Апта басынан бері Италияның көптеген аудандарына қатты желмен бірге нөсерлер жауды. Сенбі күні Азаматтық қорғаныстың бұйрығымен Сицилия мен Сардинияда “қызыл” (жоғарғы) деп аталатын табиғат апатының деңгейі белгіленді.
Осыған дейін Италияда ауа-райына байланысты 19 адамның қайтыс болғаны айтылды.

Талқылау