Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шырын Нарчаеваға қатысты “соттың” кадрлары пайда болды: Нарчаева видео туралы пікірімен бөлісті

Әлеуметтік желіде қазақтың ұлттық киімін киіп, жалаңаштанған Шырын Нарчаеваның сотталғаны жайлы видео пайда болып, көпшіліктің назарын өзіне аударды. Нарчаева Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне осы ақпараттың рас не өтірігін айтып берді

Аз ғана уақыттың ішінде өзінің тұрпайы әрекетімен қазақстандықтардың ашуын келтірген Нарчаеваны соттап, заң жүзінде жазалауды армандайтын азаматтар аз емес. Сонымен қатар, “сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған қыз” деген атпен танылған Шырын Нарчаеваға қоқан-лоқы көрсететіндер бар. Әлеуметтік желіде осыған дейін оның  біреулерден таяқ жегені жайлы жазба шыққан, ал күні кеше жас қыздың сотталғаны туралы видео жарық көрді.

Видеода Нарчаева жылап, камерадан тығылып, бетін бүркеп отыр. Осыны көрген желі қолданушылары бір-бірінен қалыспай, “өзіне де сол керек” деген пікірлерімен бөлісті. Алайда, Нарчаеваның айтуы бойынша, бұл видео Yuframe командасымен бірлесіп істеген жұмыстың тизері.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Сәукеле киіп, кеудесін көрсеткен қыз емес па?😱😱😱😱😱😱😱😱 ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖ ❤ЕКІ❤ РЕТ БАСЫҢЫЗ!!!😍❤ ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖ @qazaq.zhyldyzdary ⬅ДОСТАР ҚОСЫЛАЙЫҚ!!! ➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖#Қазақстан#жұлдыздары#жұлдыздар#отбасы#астана#алматы#орал#қызылорда#жаңалықтар#шокжаңалықтар#шымкент#семей#қарағанды#ақтөбе#ақтау#атырау#қостанай#тараз#петропавловск#павлодар#қызылорда#өскемен#караганда#комтанай#жезказган#кокшетау#устькаменогорск#уральск#жанаозен#костанай#тараз!

Публикация от 🇰🇿ҚАЗАҚ ЖҰЛДЫЗДАРЫ🇰🇿 (@qazaq.zhyldyzdary)

“Ешқандай сот болған жоқ. Бұл жалған ақпарат. Желіде тарап жүрген видео “Суд за хайп” деп аталатын шоудың тизері ғана. Шынайы өмірде сотталған жоқпын”, — дейді Нарчаева.

Қазақстандағы танымал Yuframe атты вайнерлердің командасы, өздерінің “Инстаграмдағы” парақшасында шоуды көрмей жатып, жағымсыз пікірлерді қарша боратқан желі қолданушыларын ақылға шақырды. Шоудың бірінші сериясында вайнерлердің бірі сотты, екіншісі прокурорды, тағы да біреуі адвокатты ойнап, атышулы Нарчаеваға қатысты сот ісін қозғайды.

 

 

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау