Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шыңжанда сепаратизмге қарсы жаңа қала салынып жатыр

Күньюй Үндістан, Ауғанстан, Пәкістанмен шектесіп жатқан Қашғар қаласынан 440 шақырым қашықтықта орналасқан. Қалада жүріп жатқан құрылыс, Қытай шекарасын күзетуге де қолғабыс болып тұр.

8158934

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Қытай билігі Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданында сепаратизмге қарсылық көрсететін жаңа қаланың құрылысын бастайды.

Шыңжандағы құрылыс өнімдері корпусы 1954 жылы ашылған. Ол шекараны қамтамасыз етіп, бос жатқан жерлерді игеру бойынша мемлекет тапсырмаларын орындайды. Әлеуметтік ұйым болып табылатын бұл корпус ҚХР және ШҰАР заңдары негізінде ішкі әкімшілік және құқық қорғау функциялары бар өз бетінше қам жасайтын орталық болып есептеледі.

ҚХР Мемлекеттік кеңесі Күньюй атауын иемденетін қаланың құрылысын бастауға шешім шығарған. Қала тұрғындарының басым бөлігін ұйғырлар құрайтын, Хотан округі аумағында орналаспақ.

Бұл жердің таңдалып алынуының тағы бір себебі аймақтың Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан мемлекеттерімен шектесетін Қашғардан қашық орналасуында болып отыр.

Өткен аптада ШҰАР өкілі Наим Ясин, 2016 жылы ШҰАР билігі өлкедегі діни-экстремистік қозғалыстарға қарсы іске кірісетінін мәлімдеген.

ШҰАР-да «Әл-Каида» секілді қауіпті ұйымдармен байланысы бар «Шығыс Түркістан» террорлық ұйымы бар деп ресми Бейжің күдіктенеді. БАҚ жариялағандай «Шығыс Түркістан» жергілікті ұйғырларды күштеп Сирия мен Ирактағы экстремистік лагерлерге аттандырады екен.

Қытайда соңғы жылдары бірнеше ірі теракт орын алды. 2013 жылдың наурыз айында 8 қаруланған террорист Куньмин вокзалына шабуыл жасап, 130 адам жарақаттанып, 29 адам қайтыс болған. Өткен жылдың мамыр айында екі автокөлік қалың адамдар тобына соғып жарылыс жасады. Теракт нәтижесінде 94 адам жараланып, 39-ы ажал құшқан.

ҚХР  Бүкілқытайлық халық жиналысы 27 желтоқсанда тарихта бірінші рет террорға қарсы заң қабылдады. Заң үкіметтік органдар арасында ақпарат алмасуды қатайту, киберкеңістікте қауіпсіздікті күшейту, көліктерде қауіпсіздікті қадағалау, террорлық ұйымдарды қаржыландырудың алдын алу және мемлекеттік шекараны бақылау сынды ережелер жиынтығынан құралып отыр.

Талқылау