Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шыңғыс хан мен Томиристі қазақ деп жүргендер елбасының сынына ұшырады

Мемлекет басшысы ҚР Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына арналған ҚР ҰҒА-ның Жалпы жиналысының салтанатты сессиясына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1094816

«Томирис  пен Шыңғыс хан қазақ екен дегенде менің ішім ашиды. Біздің басқа айтатын сөзіміз жоқ па? Басымызды артқа бұрып, алдыға қалай жүреміз? Алдыға қарайтын кез келді. Тони Блэрдің парламентте айтқан сөзі бар еді. «Ұлыбританияның ұлы тарихы бар. Бірақ біз мұражайларда өмір сүре алмаймыз, адамдарды компьютерге отырғызатын уақыт келді» деген. Сол сияқты біз де ойлануымыз керек. Сіздер, ғалымдардан, дуалы ауыздан шығатын сөз болуы керек. Сондықтан, жаңа жағдайда Қазақстанның болашақ ұрпағы қандай болуы керек деген сауал туындайтыны заңды. Біз тәуелсіздікке қол жеткізіп, Ұлы Дала төсінде тұғырлы мемлекет құрған аға буынбыз, осы отырғанда. Бізге осы киелі жетістіктерімізді баянды ететін, біздің асқақ болмысымызды еселей түсетін зерек те, зияткер ұрпақ керек. Ол қандай ұрпақ? Ол — рухани әлемі бай, тәуелсіздіктің киесін пір тұтатын, діні мен мәдениетін қастерлейтін денсаулығы мықты, өресі биік азамат. Сол азаматты дайындауымыз керек. Озық технологиялар мен ғылымның білгірі атанған жаһандық деңгейдегі маман болып, әр жерде жұмыс істей алатын болуы керек. Ол үшін ана тілімен бірге ағылшын тілін игеру керек. Сонда ғана қазақтың азаматы дүниежүзілік бәсекеге қабілетті болады», — деді ҚР президенті.

Айта кетейік, бүгін, 22 ақпан күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры ғимаратында ҚР Президенті, ҚР ҰҒА академигі Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен академияның 70 жылдық мерейтойына арналған Жалпы жиналыстың салтанатты сессиясы өтті.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-да ерлі-зайыпты Шыңғыс ханның қабірін ашуға елбасы рұқсат етсе, өзгерістер болатынын айтады

Қазақстан Қырғыз республикасына қарсылық нотасын жолдады

Шыңғыс ханның еуропалық тұқымға жататыны анықталды

Талқылау