Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шын ба әлде өтірік пе: желіде Каспий теңізінен ауланған белгісіз балықтың суретін талқылануда

Әлеуметтік желілерде Каспий теңізінде мұнай өндірумен айналысатын компания қызметкерлері аулаған белгісіз балықтың суреті қызу талқылануда. Балық бір қарағанда  теңіс тұтасқанатына ұқсайды. Бірақ Каспийде мұндай ірі жыртқыш теңіз балығы жоқ.

Шын ба әлде өтірік пе: желіде Каспий теңізінен ауланған белгісіз балықтың суретін талқылауда

Бұл туралы Ақ Жайық басылымы хабарлады, деп жазады Stan.kz.

Желі қолданушыларын таңғалдырған белгісіз балықтың суретіне қатысты «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» АҚ Атырау филиалының директоры Ерболат Қадымов пікір білдіріп, оқырмандарды қызықтырған сұраққа жауап берді.

Шын ба әлде өтірік пе: желіде Каспий теңізінен ауланған белгісіз балықтың суретін талқылауда

Ғалым мұндай теңіз балығы Каспийде болуы мүмкін емес дейді.

«Каспий теңізінде балықтың бұл түрі үшін ешқандай жағдай жоқ. Ал, онда теңіз тұтасқанаты өмір сүруі тіпті мүмкін емес»,-дейді ғалым.

Сондай-ақ, ол желіде жарияланған суретке қарап оның жалған екенін айтты.

Шын ба әлде өтірік пе: желіде Каспий теңізінен ауланған белгісіз балықтың суретін талқылауда

«Суретте де оның жалған екендігі анық көрініп тұр. Бұл жерде адам теңіз тұтасқанатын қолында оп-оңай ұстап тұр, бірақ бұл мүмкін емес. Біріншіден – ол ауыр, екіншіден- бұл қолдан тез тайып кететін балық»,-дейді «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» АҚ Атырау филиалының директоры Ерболат Қадымов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау