Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттің жігіттері балмұздақ үшін төбелесіп, сатушыға оқ атқан

Өткен демалыс күні Шымкентте шулы оқиға болды. «Солтүстік» ықшамауданындағы балмұздақ сататын дүкенде белгісіз біреулер сатушыға оқ атқан.

52_wide

Көренкі сурет: informburo.kz

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Оқиға орнына жеткен полицейлер тінту кезінде ондағы төрт адамның  бірінен травматикалық қару тапты.

«Біз әдеттегідей жұмыс істеп жатқанбыз. Жас жігіттер келіп балмұздақ сұрады. Сосын менен балмұздаққа ингредиенттерді көбірек қосумды талап етті. Мен олармен салғыласып тұрмадым. Алайда, олар одан әрі өршелене түсті. Сосын менің ағам шығып оларды тыныштандырмақ болып еді, сол жерде төбелес басталып кетті. Сол кезде олардың ішіндегі біреуі пистолетін алып шығып, мен жаққа екі рет оқ жаудырды», – дейді жәбірленуші.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін күдікті Еңбекші ауданының ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Талқылау