Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны танымал шетелдік боксшыны өз қаласына шақырды

Боск жұлдызы Кіші Рой Джонс Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында дәнекерлеушінің Шымкент қаласына шақыртуын жарилады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Алтыншы дәрежедегі дәнекерлеуші Сергей Бегун-Олевич спортшыны өз қаласында күтеді. Шымкенттің тұрғыны биыл Қостанай облысында өткен спартакиадада Рой Джонстың қолы қойылған қолғаптарды иеленген.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Roy Jones Jr. (@royjonesjrofficial)

Бегун-Олегович боксшыны шырайлы Шымкентте кездестірермін деген ниетпен арнайы жерге іліп қойған. Оның спортшыға қазақтың қонақжайлылығын көрсетсем деген үміті бар.

Кіші Рой Джонс  Қазақстанға 2016 жылы келген. Көптеген қалаларды аралап, пойызға мініп, тымақты киіп көрген.

Боксшыда екі елдің, яғни Америка мен Ресейдің азаматтығы бар. 2018 жылдың ақпанында төрт салмақтық санаттағы экс-чемпион америкалық Скотт Сигмонды жеңіп, Халықаралық бокс ұйымының (WBU) жеңімпазы атанды.

Талқылау