Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттің той кортежінде көлікті кері айдаған жүргізуші кешірім сұрады (видео)

Шымкент полицейлері облыс орталығында көлікті артымен айдаған жүргізушіні ұстады. Олар жүргізушіні әкімшілік жауапқа тартып, протокол толтырған. Жүргізушінің қолындағы қағаздарға қарағанда оны бірнеше бап бойынша жауапқа тартқан көрінеді.

Безымянный

Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.

Ол видеода өзінің қандай ережелерді бұзғанын атап өткен.

«Дима, бауырым, мен Бәйдібек би көшесінің жол ережесін бұзған джип көлігінің жүргізушісімін. Мен апатты жағдай тудырып, көлікті артқы жағымен айдадым. Сол үшін жаза алдым. Мынау протоколдар, енді осыны төлемекпін. Барлықтарыңыздан жол ережесін сақтап, жол-патрульдік қызметкерлеріне құрметпен қарауларыңызды сұраймын», – дейді жүргізуші.

Айта кетейік, аталған оқиғаның Instagram желісінің EAP_KZ парақшасында видеосы жарияланған. Видеода қара джип көлігінің көше бойында артқы жағымен жүріп бара жатқаны көрсетілген. Сол уақытта көліктің нөмірін де байқауға болады.

Классика свадебного фольклора __ Отмечай друзей __ #есьжеяприезжий #каканаесть #атдущи

Видео опубликовано Есьже, я приезжий! (@eap_kz)

Талқылау