Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттің “рэкит” имамдары жұрт алдында ақшаға таласып ұятқа қалды

Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек асқа келген имамдардың былығын көріп,желідегі достарына айтып берді,-деп жазды Stan.kz  тілшісі.

көрнекі сурет

Оның сөзінше имамдар бүгінде өзі басқаратын мешітке қарасты тұрғындардың төлемін алуда территорияға бөлініп,  оқылған құранның ақысына таласатынды шығарыпты. Әрі өз араларында бірі шетелде оқыған, бірі тек  елдегі медреседе сауат ашқан болып та жіктеледі-мыс.

“Имамдарда өз мешіттеріне қатысты территорияларға билік етеді екен. Кеше бір құранда болдым. Үйдің отағасын біраз имамдар сыйлаған соң, бес алты имам келіпті құранға. Қызықтың бəрі соңында болады деп кім ойлаған.

Ішіндегі жасы үлкені құран оқып ас қайырған соң, ақшаны сол кісіге беріп жатқанда территория имамының жанындағылар ақшаны өздеріне алған. Анау байғұс қорыққаннан қолына ұстата салыпты. Жанында жүрген шапан көтергіштері: “бұл территория ибн-сибн бибиндікі “-деген ғой.

Арабия да оқып келген бұл кісі, ал сенің білімің жоқ деген сияқты əңгімелер айтып кеткен. Бізде енді рэкет имамдарда пайда болып жатыр. Арабқұл сорлылар өз ұлттарынан жерініп əркімнің берген ақшасына күн көріп жүрген зомбилер . Тепсе темір үзетін жігіттердің енді осылай жүргені бейшаралық емей немене?»,-деп жазды қоғам белсендісі Айгүл Орынбек.

Оқи отырыңыз:

Сәби өмірге келгеннен кейін қандай діни жоралғылар жасалады

Алматы бекеттерінде АИ-92 бензині таусылып қалды

Алматыда полицей өзі жараланғанына қарамастан қашып жүрген қарулы қылмыскерді қолға түсірді

Жұрт ұшақ апатынан мерт болған Талғат Патсаевты ақтық сапарға шығарып салды

 

Талқылау