Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттің көшелерін квадрокоптер бақылайды (видео)

Енді Шымкенттің көшелеріндегі тәртіпті квадрокоптермен бақылауға болады. Бұл — қалалық әкімдік пен жергілікті полиция қызметінің бірігіп қолға алған пилотты жобасы.

006-18-640x363

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Жауапты мамандар қала көшелеріндегі тәртіп пен жол қозғалысы жағдайын бейнекамерамен жабдықталған пилотсыз ұшу құралдарының көмегімен бақылап отырмақ.

Жоба авторларының ойынша, бұл жаңалық көшедегі жалпы тәртіпке оң әсерін тигізуі тиіс. Квадрокоптердің көмегімен тыйым салынған жерге қойылған көліктерді, ұрланған көлік құралдарын анықтап, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды реттеуге болады.

Талқылау