Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттің дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне ұлттық ойынды үйрету тапсырылды

Келесі жылдан бастап ОҚО мектептерінде қазақтың ұлттық спорт түрлерін үйрететін қосымша пәндер енгізіледі.

Безымянный

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Бұл туралы облыс бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жиналысында ОҚО білім беру басшылығының қарамағындағы дене шынықтыру орталығының жетекшілігі мәлімдеді.

Жаңа тапсырманы орындау үшін мұғалімдер кесте құрып, күнтізбелік жоспарларын да дайындап жатыр.

«Қазақстан барысы» турнирінің балуандары Бейбіт Ыстыбаев, Ғани Сейділдаев, Мұхит Тұрсыновтардың арқасында ұлттық күрес жоғары деңгейге көтерілгені белгілі. Спортшылар қазақ күресін ел аумағы бойынша дамытуды қолға алып, қаржы салды.

Ұлттық спорт түрін дамыту үшін мектептегі оқу жүйесіне өзгертулер енгізу керек. Мамандардың айтуынша, мектептің әр сыныбында 102 сағат дене шынықтыру пәні өтеді. Мұғалімдер сол сағаттың жартысын ұлттық ойындарды үйретуге арнау керектігін айтады.

Келер оқу жылы денешынықтыру пәнінде 5 ұлттық спорт түрін үйрету көзделіп отыр.

Талқылау