Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттің автобустары адам өміріне қауіпті болып бара жатыр

Шымкенттің автобустары адам өміріне қауіпті болып бара жатыр. Ойламаған жерден едені түсіп кетіп, аяғын екі жерден сындырып алған әйел көлік компаниясын сотқа беремін деп отыр. Алайда, жеке тасымалдаушы жолаушының жарақаттына өздерін кінәліміз деп есептемейді.

автобуууууссс

Бұл туралы 31 арна жазды.

Ләйлә Бағирова бүгінде аман қалғанына шүкір етеді. Әдеттегідей автобусқа мінген отыз бес жастағы тұрғын күтпеген жерден оқыс оқиғаға тап боламын деп ойламаған. Ішінде жиырма адамы бар автобустың кенеттен дөңгелегі жарылып, едені сынып кетеді. Қысым салонның артында тұрған Ләйләны шыға беріс есікке дейін лақтырып жіберген. Қатты соққыдан жолаушының аяғы бірнеше жерінен сынып, қан кетіп, ауыр жарақат алған.

«Телефонымды сөмкеме салғаным сол еді, бір қатты дыбыс шықты да, мені лақтырып жіберді. Толқыннан болса керек, автобустың шығар есігіне бірақ ұшырып түсірді. Сол жерде болған азаматтар жолдың жиегіне алып шықты. Қайта жедел жәрдем көлігі тез келіп, мені алып кетті»,-дейді жәбірленуші Ләйлә Бағирова.

Қазір қоғамдық көлікте жарақат алған Ләйләны дәрігерлер ота жасауға дайындап жатыр. Операциядан кейін тұрғын өз бетінше кем дегенде екі ай қозғала алмайтын болады.

«Отаға дайындап жатырмыз. Жақын күндері жасаймыз»,-дейді Шымкент қаласы жедел жәрдем ауруханасы жарақат бөлімінің меңгерушісі Марат Үсенов.

Дөңгелегі резеңкесіз қалған кезде де автобус әдеттегідей жылдамдықпен келе жатқан. Сондықтан қоғамдық көлік теңдікті сақтай алмай, бір жаққа жантайғанда қатты жарылыс болғандай дыбыс шыққан. Ал жүргузуші резеңкесінің қалай жарылып кеткенін түсінбей дал. Өйткені, қалалық бағатқа шыққанда автобус толық техникалық тексерістен өткен дейді. Компания басшылығы да оқыс оқиғаның қалай болғанын түсінбейді.

«Қазір тексеріс жүргізіп жатыр. ІІД. Ал негізі жұмысқа жалданған жүргізуші өзі өтеу керек»,-дейді «Green Bus Service» компаниясының жол қозғалысындағы қауіпсіздік инженері Мақсат Кененбаев.

Ал зардап шеккен Ләйлә Бағирова көлік компаниясын сотқа беріп, денсаулығына келген шығынды өндірмек. Алайда, жеке тасымалдаушы оқыс жағдайда кінәміз жоқ дейді, өйткені мұндай жағдайға кез келген көлік тап болуы мүмкін деген пікірде. Бірақ аяғы бірнеше жерден сынған әйелге көмектесуге дайын екендіктерін білдірді.

Дәл осы оқиғадан үш-төрт күннен кейін дөңгелегінің резеңкесі шығып кеткен тағы бір автобус Шымкент көшелерінде жүрген еді. Қоғамдық көлікті бір дөңгелексіз емін-еркін басқарып отырған жүргізуші үшін бұл қалыпты жағдайдай көрінеді

Талқылау