Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттіктер бес балалы жалғыз басты анаға үй салып берді (видео)

Шымкент қаласының іргесіндегі Жұлдыз елді-мекенінің тұрғыны Жанар  Ұлықпанқызы үлкен қуанышқа кенеліп, баспаналы болды. Бұған дейін бес баласымен пәтерден-пәтерге көшіп, қиналып жүрген анаға қаладағы қайырымды азаматтар жиналып, үй салып берді.

уй шымкент

ОҚО-дағы STAN.KZ тілшісі бес балалы ананың қуанышына куә болып қайтқан еді.

«Көп түкірсе көл болар» деген халқымыздың даналық сөзін басшылыққа алған азаматтардың бұл ісі қай жағынан алса да үлгі етуге тұрарлық дейді ел қариялары.

бекайдаррррр

«Бірнеше жылдан бері  пәтер жалдап келе жатқан бес баласы бар әйелге көп болып жұмылып, сол кісіге баспана салып беруге ниет етті. Ниеттеріне жараса, жаратушының көмегімен басына баспана салып берді. Әрине, бұл барша адамға үлгі болатын сауапқа толы, жан-дүниеңе рахат сыйлайтын жақсы іс болды», – дейді  ОҚО өкіл имамның орынбасары Бекайдар Әміре.

Ел ішінде осындай игі істердің көбейе түсуіне еліміздегі діни тұрақтылық пен татулықтың септігі мол екені даусыз. Егемендік алғалы ерінбей еңбек етіп, етек-жеңін жиып, еңсесін тіктей бастаған бауырлардың, мұқтаждарға жәрдемдесіп, өзінен артылғанды өзгемен бөлісуге деген ұмтылысы имандылықтың кемелдене түскенінің көрінісі болса керек.

жанаррр

«Алланың сыйы бір пәсте екен. Мен де ойламаған жерден бұл сыйға жеттім. Әлхамдулиллах! Оларға да осы жақсылықты тілеймін. Аллаға сансыз шүкірлік етемін. Осындай мұқтаждарға себепші болып жүрген, қол ұшын беріп  жүрген азаматтарға үлкен алғысымды айтамын», – деді көп балалы ана  Жанар Ұлықпанқызы.

Бұл үйдің фундаменті тамыз айында құйылған. Алайда, көмек етушілердің көпшілігі қажылыққа кетіп қалу себебінен құрылыс жұмыстары біршама кейінге шегеріліпті. Сөйтіп, қыркүйек айынан қайта жалғасын тауып, бүгінде үй иесіне кілті табысталды.  Халқынан осындай сый көрген Жанардың анасы Қалдықыз апа қуаныштан көзіне жас алды.

Талқылау