Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттіктер ардагерлердің құрметіне ерекше рекорд жасады

Шымкенттік 40 воркаутер соғыс ардагерлерін бір қуантып қою үшін, Жеңістің 71 жылдығына орай әрқайсысы 71 реттен кеуде көтеру әрекетін жасап таңқалдырды.

лш

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

“Осы рекорд арқылы ата-әжелерімізге біздің қуатты екенімізді, биік жетістіктерге жете алатындығымызды көрсеткіміз келеді. Әрі бізге жеңісті алып келген ардагерлеріміздің қадірін жастар білсе екен деген де мақсат бар. Кеуде көтеру оңай емес, дене мен қолға көп күш түседі. Сол себепті біз спорттың осы түрін таңдап алдық”, – дейді акцияның ұйымдастырушысы Александр Водолацкий.

Тұрақты айналысқан адамның өзіне кеудесін жерден 71 мәрте көтеріп алу оңайға түспейді. Сол себепті екіге бөліп жасады. Алғашқы мүмкіндіктерінде – 40, екіншісінде – 31 рет жасай алды. Акцияға тіпті қыз да қатысты.

“Жәй ғана кеуде көтеріп жасағаннан гөрі, осы арқылы рекордқа жету бұл керемет. Бұл біздің аталарымыз бен әжелеріміз алдындағы құрмет. Мен бүгін жігіттермен бірге 71 рет жасай алдым. Мен мұны қыздардың да көп нәрсеге икемі бар екенін көрсету үшін жасадым”, – дейді қатысушы Мария Чистова.

мв

“Спартак” стадионында жасалған бұл жолғы Жеңіс рекорды тек спорттық емес, қайырымдылық шарасы іспетті де болды. Әр адам мүмкіндігіне орай ардагерлер үшін деп қаражат жинады.

“Былтырғы жылы жастар аялдамада шемішке сатып отырған ардагерді көріпті. Оған ақша жетпегендіктен де осы қадамға барған. Осы оқиға әлеуметтік желіге жарияланғаннан кейін, біз көмек көрсету керек деп шештік. Өйткені, интернеттегі әңгіме пікір мен лайк басылып ғана аяқталды. Ал шын мәнінде нақты қолдау жасау керек”, – дейді Александр Водолацкий.

Талқылау