Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік журналист өзінің ақшалай сыйлығын жетім қызға тарту етті

Шымкенттер жергілікті телеарнада журналист болып қызмет атқаратын Рабиға Жүніс өзіне тарту етілген 150 мың теңге ақшалай сыйлықты жетім қызға сыйлады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

IMG_3360

Осыдан біраз уақыт бұрын Арыс қаласына жасаған сапары кезінде аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев балабақшада Кристина есімді бүлдіршінмен кездескен еді. Онда кішкентай қыз өзінің келешекте журналист болғысы келетінін айтқан болатын. Осыдан кейін Түймебаев журналистерді сол қызға қолдау білдіруге шақырған.

Осы оқиғадан соң бір ай өткен соң “НАР ТВ” арнасының редакторы Рабиға Жүніс ақпарат және байланыс қызметкерлері мерекесіне орай алған марапатын Кристинаға табыстапты.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбедегі даудан соң елімізде трансплантация саны күрт азайған

Еліміздің бас ветеринары 5 теңге пайда үшін ұзақ мерзімге түрмеге жабылды

Наразылық: Алматы облысында тұрғындар тас жолға жатып алды

Ақмола облысында мектеп мұғалімі есірткі сатқан

Талқылау