Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік жігіт Оңтүстік Корея университетінде жыл студенті атанды

Шымкент қаласындағы қазақ-түрік лицейінің түлегі Дәулет Батырхан Оңтүстік Кореяның UNIST университетінде өткен “Жыл студенті – 2016” байқауында бірінші орынды жеңіп алды.

photo_188095

Бұл жайлы “KATEV” халықаралық қоғамдық қорының Инстаграмдағы парақшасында жарияланды.

UNIST университеті Hyundai Motor автомобиль компаниясы орналасқан Ульсан қаласында. Оқу орны 2007 жылы ашылыпты. Ол елдегі алғашқы тәуелсіз ұлттық университет болып саналады.

“Орталық және жергілікті билік органдарының белсенді қолдауы арқасында UNIST әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті топ-10 қатарына кіруге талпынады”, – деп жазылған оқу орны хабарламасында.

Талқылау