Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік жігіт қыдыру үшін өзінің жоғалып кету оқиғасын ойдан құрастырған

Қызылордада полицейлер өзінің жоғалып кету оқиғасын ойдан құрастырған шымкенттік жігітті ұстады.

123af015b030dce801bf4f29a92e5e31_crop_l_11_t_14_w_775_h_436

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

27 шілде күні Сайрам аудандық полициясына хабарласқан жергілікті тұрғын, 1995 жылы туған туысының жоғалып кеткенін, Шымкентке тауарға кетіп, қайта оралмағанын айтыпты.

Сол күні Шымкент-Шаян тасжолында полицейлер жоғалған жігіттің көлігін әйнектері сынған күйінде табады. Және ұялы телефонын да кезіктіреді.

Аталған жағдай негізінде “Адам ұрлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жедел ұйымдастырылған іздестіру шаралары барысында полицейлер 22 жастағы жігітті Қызылорда қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табады. Ер адамның түсіндіруінше, ол өзінің жоғалып кетуін қолдан ұйымдастырып, тауарға деп берілген ақшаны өз пайдасына жарату үшін Қызылордаға кетіп қалған.

Оқи отырыңыз:

Өмірбек Жампозовтың ұлы: әкемді сотта ақтап аламын

Өскемен тұрғыны анасының пәтерінен жасырын казино ашып алған

Шетелге емделуге барған 11 жасар Диана өзге ауруға шалдыққан

Тоқтар Төлешовтің 70 миллион теңге қарызын “Шымкент сыра” зауыты өтейтін болды

Талқылау