Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік жас әйел күйеуін баспанасыз әрі құжатсыз қалдырды

Шымкент тұрғыны қартайған шағында қиын жағдайға тап болды. Михаил Иванович бір күнде әйелі мен үйінен айырылды. Сорақысы сол, басындағы жалғыз баспанасын өзге емес, өзінің әйелі алдау жолымен тартып алған.

Шымкентте жас әйелі күйеуін баспанасыз әрі құжатсыз қалдырды

Бұл туралы “ТВК” арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Михаил маңдай терімен қолы жеткен жайлы пәтерінен айырылып қалғанына әлі де сенбейді. Азамат алаяқтармен бірлесіп әрекет еткен өз әйелінің құрбанына айналды. Жұбайы алдау жолымен қажетті құжаттарға қол қойдыртып алған.

Михаил Ивановичтің әйелі өзінен ондаған жасқа кіші. Зейнеткердің сөзіне сенсек, әйел оның пәтерін ғана емес, зейнетақыға қажетті құжаттарын да алып қойған.

Пәтері мен бар ақшасынан айырылған зейнеткер “мейірімділер клубынан” көмек сұраған-ды.

Еріктілердің бірі Жұмагүл Маймықованың айтуынша, қайырымдылық қоры азаматқа көмектескісі-ақ келеді, бірақ қолда құжат болмағандықтан, қажетті органдарға құжат та тапсыра алмай отыр екен.

“Жұбайым дейді, бірақ бірге тұратын әйел болу керек. Ол азаматтың пәтерін тартып алыпты, далада қалды. Не ақшасы, не құжаты жоқ. Еріктілер оны уақытша осы жерге орналастырды. Оған уақытша баспана мен киіммен көмектесіп жатырмыз”, — Жұмагүл Маймықова.

Көршілерінің айтуынша, зейнеткердің денсаулығы да мәз емес. Егде жастағы шалдың қан қысымы жиі көтеріліп, асқазаны ауырады екен. Өкінішке қарай, құжаттың жоқтығы азаматты ауруханаға орналастыруға да қолбайлау болып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау