Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік зейнеткер бір тәуліктің ішінде пәтерін тонаған ұрыны өзі іздеп тапты

Шымкент қаласында 60 жастағы зейнеткер полиция қызметкерлеріне пәтерін тонаған ұрыны табуға көмектесті. Жасы алпысқа келген Жайыл Әжібекова ұрлықшының құрбаны болды. Пәтер тонаушы 13 тамыз күні тапа-тал түсте зейнеткердің үйіне ұрлыққа түскен. Ұры қарт әйелдің үйіндегі су жаңа екі теледидарды қолды қылған.

Шымкенттік зейнеткер бір тәуліктің ішінде пәтерін тонаған ұрыны өзі іздеп тапты

Бұл туралы bnews.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Үйіне ұры түскенін білген зейнеткер бірден полиция шақырды. Келтірілген шығын есептелініп, өтініш толтырылғаннан кейін тағдырға ренжулі әжей көшеге шығып кеткен. Жайыл апайдың басына түскен қиындықты көршілерден бастап такси жүргізушілеріне дейін бәрі естіді.

«Бәрі не болғанын және оның қалай болғанын сұрай бастады. Мен оларға біреудің үйге кіріп ас үйдегі және залдағы теледидарды ұрлап кеткенін айттым. Содан таксист жігіт маған қолына екі теледидар ұстаған күдікті адамды көргенін айтты. Ол оны видеоға түсіріп алған екен. Видеода жас жігіттің теледидарларды шағын автобусқа қалай басып жатқаны анық көрініп тұр», – деп бөлісті зейнеткер.

Жайыл апай видеоны мұқият қарап шыққаннан кейін бос отырмай өз бетімен әрекет етуге бел байлады. Видеодағы автобустың нөмірін көрген әйел жүргізушіні іздеуге шықты. Ал, жүргізуші өз кезегінде, теледидар тиеген жолаушыны Шымкенттің «жабық базарына» апарғанын айтты. Содан әжейдің өтініші бойынша автобус жүргізушісі БАҚ өкілдері мен полиция қызметкерлерінің көзінше сату орнын көрсетті.

«Біз базарға бардық. Ол бір әйелмен сөйлесіп, теледидарды дүкеншікке түсіретінін айтты», – дейді микроавтобус контолері.

Ашуға булыққан зейнеткер қаладағы базардың аумағында бейнебақылау камерасының орнатылған байқап қалған. Ұрының құрбаны болған зейнеткер бірден базар әкімшілігіне барды. Бірнеше минуттан соң базар басшылығы да бейнежазбаны көрсетті. Ал, онда басына кепка киген белгісіз жас жігіттің әжейден ұрлаған теледидарды сатып жатқаны анық көрініп тұрған.

«Ол теледидарларды күзетшінің күркесіне түсіріп, содан кейін сатып алушыларды тауып менің мүлігімді сатып жіберді», – дейді Жайыл Әжібекова.

Бәрі анықталғаннан кейін базарға полиция қызметкерлері шақырылды. Ұрланған технологияны сатып алушы еш қарсылық көрсетпестен тауардың қайдан келгенін білмейтінін айтты. Ал, Жайыл әжейдің теледидары екінші алыпсатардың анасының үйінен табылып, иесіне қайтарылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау