Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік зейнеткер ашаршылық жылдары қалай адам етін жегендерін айтып берді

Бұл қазақтың басынан нелер өтпеді? Аштықты да, жалаңаштықты да, небір зұлматты, соғысты да өткерді. Бірақ мойымады. Себебі біз – жеті атаға дейін қыз алыспайтын, қанымыз таза, рухымыз биік халықпыз, дейді ОҚО-ның зейнеткері Исабек Тасболатұлы.

Межисетки_b

Бұл туралы Замана газеті хабарлайды.

Анам марқұм, жатқан жері жайлы болсын, былай деп айтып отыратын: «Ашаршылық жылдары раң деген шөпті кептіріп, қол диірменнен өткізіп, ұн жасап, одан нан пісіріп жейтінбіз. Шайдың орнына шайшөпті ішетінбіз.

«Тоқтық не дегізбейді, аштық не жегізбейді» демекші, бір әйел өліп қалып, соның сан етін кесіп әкеліп молдаға құран оқытып жегенбіз. Есектің де етін жеген күндеріміз болды.

Аштықтан адам аңдып, өлтіріп, етін жегендер жайлы жиі еститінбіз. Бір күні сондайлардың тала­у­ынан әзер қашып құтыл­ған адамды да көргенбіз. Аштар жабылып жүргенде бір құлағын түбінен жұлып алыпты.

Сол жылдары шаш ал десе бас алатын шолақ белсенділердің кесірінен де талай адам аштан өлді. Олар кешке әрбір үйді аңдитын, масақтап теріп, талғажау етіп отырған соңғы дорба бидайын тартып алып кететін. Сондықтан кешке тамақты шамды сөндіріп, қараңғыда жейтінбіз.

Далада әр жерде теңкиіп-теңкиіп мәйіттер жататын. Оларды көр қазып көмуге шама жоқ, жұрттың бәрі аш. Көп адам жан сауғалап шетел асып кетті».

Ненің қадіріне жетпесең, соның зарын татасың. Кеңес Одағы кезінде шаруашылықтарда ревизия келеді деп жап-жаңа қосалқы бөлшектерді жерге көмген, ал жанармайды арыққа ағызған кездер болды. Бірақ кейін соның ащы зардабын көрдік. Оны бәріміз білеміз.

Нанды қанша жесең де шықпайсың, ал басқа тамақ ондай емес. Міне, бұл да болса нанның құдіреті. Өз басым жерде бидайдай нанның уағы жатса, көтеріп алуға тырысамын.

Мынадай хадис бар екен: «Дарияның жағасында тұрып дәрет алсаң да суды ысырап етпе». Сол айтқандай, судың да сұрауы бар. Адамды қоқысқа төгілген нан-тамақтың киесі ұрады.

Мұсылманның діңгегі, тірегі қасиетті құран болса, нанға қолың жетпей тұрса, құран кітаптың үстіне шығып нанды алуға болатынын, ал нанға шығып, құранды алуға болмайтынын ұмытпайық, ағайын!

Дәл қазір Қазақстан үшін «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заман. Соның қадіріне жете алмай келеміз. Осыны ұмытпайықшы!

Жіберіп алмаңыз:

Екі басты жүгері собығы адамдарды аштықтан сақтап қалады

Италияда аштықтан тамақ ұрлағандарды жазадан босатты

Қызылордалық кәсіпкер нанды 45 теңгеге сатып алып, 40 теңгеден сатып жүр

Талқылау