Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік шопырлар жолға таласып топ болып төбелесті

Төбелеске қатысқан барлық адамдар ұсталып, “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

927020

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Шымкентте екі автокөлік жүргізушілері жолға таласып, көмекке достарын шақырған, сөйтіп, қоғамдық жерде жаппай төбелес ұйымдастырған деп хабарлайды ОҚО ішкі істер департаменті.

Оқиға 28 қазан күні кешкісін болған, құқық қорғау органдары бұл жайында енді ғана мәлімдеп отыр. 40 жастағы такси шопыры мен 33 жастағы Toyota автокөлігі жүргізушісі бір-біріне жол бермей қойғандықтан, қақтығысып қалған.

Такси шопырының айтуынша, Toyota автокөлігінен екі адам шығып, оны соққығы жыққан, содан кейін көлігінің терезесін шағып, қашып кетпек болған. Сол кезде шопыр оларды қуып жетіп, көмекке достарын шақырып, төбелес ұйымдастырыпты. Төбелеске қатысқан барлық адамдар ұсталды. “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот алды тергеу жұмысы жүргізілуде.

Жіберіп алмаңыз:

Шетелдік БАҚ қазақстандық бодибилдер қыздардың сымбатына қайран қалуда (фото)

Тәжік олигархының қызы тұрмысқа шығып, 600 мың доллардың той көйлегін киді (фото)

Баян Мақсатқызының қорғаушылары соттан Бақытбек Есентаевты ақтауды сұрап жатыр

Талқылау