Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік полицей көлік жүргізушісіне былапыт сөз айтты (видео)

Қазақстандық жол полициясы өкілдері өздерін тағы да теріс қырынан көрсетіп алды. Бұл жолғы оқиға Шымкент қаласында орын алған.

Безымянный

Бұл туралы “ОСА” қоғамдық бірлестігінің сайты хабарлайды.

Шымкент қаласындағы “Сәуле” ықшам ауданындағы қаладан шыға беріс көшеде жол полициясы көлікті тоқтатып, жылдамдықты асырып жібергенін айтады.

Көлік жүргізушісі айыбымды дәлелде деген соң, инспектор басқа айлаға көшіп, “шемішке қалдығын неге тастағансың” деп кінәлай бастаған. Екеуі екі тілде сөйлеседі. Жол полициясы қазақша амандасып, қазақша сауал тастағанымен, көлік жүргізушінің жауабы негізінен орыс тілінде өрбиді.

Жүргізушімен дауласып ақыры жеңе алмаған полиция, оған орыс тілінде былапыт сөз айтып кете барған.

Талқылау