Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік қыз Канадада қалай Леди Гагамен бірге жұмыс істеді

Шымкенттік 20 жастағы Шахноза Нишанқұлова Канадаға барып бірнеше жыл ірі компанияда жұмыс істеп, кейін өзінің бизнесін ашқан. Бұл туралы ҚазАқпарат жазады.

Шахнозаның клиенттерінің арасында танымал канадалық блогерлер мен әлемдік жұлдыздар да бар екен. “Бір минутты зая жібермеу керек” деген ұстанымды ұстанған қыз гимназияны тәмамдаған соң, Канададағы белді оқу орындарының біріне аттанады. Ол Британиялық Колумбия университетінде “Коммерция” мамандығы бойынша білім алған. Ол оқумен қатар ақша табу үшін ірі компания қатарында жұмыс та істей бастайды.

“Оқу үшін ата-анам төлегенімен, мен бәрібір жұмыс істедім. Бастапқыда Disney компаниясына консьерж болып тұрдым, сосын Swarovski және Victoria’s Secret дүкендерінде кассир-сатушы болдым. Содан кейін ірі кадрлық агенттікке тап болып, өз ісімді ашу үшін алғашқы капитал жинай бастадым және автокөлік сатып алдым”, – дейді Шахноза.

2017 жылы мамыр айында оқуын аяқтаған соң құрбысымен бірге атвозагар мобилді студиясын ашады. Досы инвестор ретінде көмек берген.

“Канада – суық мемлекет, бұл жерде күн шығып тұратын күндер аз. Сол себепті автозагар жергілікті жұрт арасында өте танымал. Бұл салада біздің тәжірибеміз болмағандықтан Торонтодағы органикалық компанияның франшизасын сатып алдық. Оның құны 6 мың канада доллары шамасында. Мен өзім екі мың доллар құйып, қалғанын қарызға алдым. Енді ай сайын төлеп отырмын. Бақытқа орай клиенттер дереу келе бастады”, – дейді қыз.

Бір айдан соң оларға танымал жұлдыздар да келе бастайды. Бастапқыда танымал блогерлер, финтес құмарлар, ал кейін голливудтік жұлдыздар да аяқ басқан.

“Маған Леди Гагадан хабарласқан кез әлі есімде. Мен оны Ванкувердегі «Joanne» концерттік турына дайындадым. Ол 2011 жылы да Торонтодағы біздің компанияның филиалына хабарласқан екен. Ол өте сыпайы және кәсіби адам. Менде өз тарапымнан фанаттық қызығушылыққа жол бермей, селфиге түсуге сұранбай, барынша кәсіби болуға тырыстым. Біз сонымен қатар голливудтік актриса Блейк Лайвлимен де жұмыс істедік”, – дейді ол.

Ол тотықтыру студиясы – бұл тек бастамасы екенін айтады. Оның алдында үлкен жоспарлар бар – Қазақстанда өз компаниясын ашып, халықаралық бизнес-коучқа айналу. Бұл ретте оған университетте алған білімі ғана емес, шымкенттік бэкграунд та көмектеспек.

“Шымкенттік мінезім маған өте көп көмектесті, мен адамдармен араласқыш, жылдам, үнемшілдігімнің арқасында жетістікке жете алдым. Менің бизнесімдегі басты нәрсе – клиенттермен жақсы қарым-қатынаста болу, кейін олардың бізге қайта айналып соға беруіне мүмкіндік жасау”, – дейді Шахноза.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы полициясы бір жасар баласын көшеге тастап кеткен әйелді тапты

Ақмолалық азамат өзгенің әйелімен төсектес болған ауылдасын бопсалаған

Алматыда анасы бір жасар баласын түнде далаға тастап кеткен

Супермаркет күзетшісімен болған жанжалдан кейін балаға дәрігердің көмегі қажет болды

Талқылау