Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік көлік жүргізушісінің адалдығы желі қолданушыларын қайран қалдырды (фото)

Шымкент тұрғыны өзінің көлігін сырып кеткен адамның әрекетіне таңғалды. Ол кінәсі үшін кешірім сұрап, хат пен ақша қалдырып кетіпті.

voditel

Бұл туралы Инстаграмдағы shymkent.city парақшасында жазылды.

“Кешірім сұраймын. Мен аздап сіздің көлігіңізді сырып кеттім. Мүлде байқамай қалыппын. Егер бұл аз болса, міндетті түрде хабарласыңыз”, – деп, көлік жүргізушісі екі мың теңге қалдырған.

17267803_2328422580772494_3557316975128477696_n

Көлік иесінің айтуынша, оның көлігінің алдыңғы бамперіне қатты ештеңе де болмаған.

“Саналы азамат екен, оған рахмет. Ал сіздер адамдар жауыз дейсіздер. Осындай қадамына риза болып, тіпті телефон да соқпадым. Жолдарыңыз болсын”, – деп жазады ер адам.

Оқи отырыңыз:

Қазақстанда қандай қылмыстар үшін азаматтықтан айыруы мүмкін

Жер дауынан кейін әзірленген заң жобасы парламентке түсті

87 жастағы академик Төрегелді Шарманов ұзақ жасаудың құпиясын ашты

Павлодарлық жігіт полицейдің көлігінің үстіне шығып алып селфи жасады

Талқылау