Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік келіншек шұжық үшін пышақ кезенген ұрыны ұстап берді (видео)

Шымкентте теміржол вокзалындағы дүңгіршектерінің бірінен үш шұжық алған ұры, дүкен иесін пышақпен қорқытқан. Алайда тауарын тегін беріп қойғысы келмеген, дүкен иесі де қарсыласады.

LOVD-1024x576

Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлады.

Бір кезде көрші дүңгіршектегі шуды естіген Манзура Тештемірова бірден қылмыскерге тұра ұмтылады. Шұжық үшін адам өлтіруге дайын тұрған ол, келіншекке қару сілтеген. Осылайша оқиға орынына тәртіп сақшылары келемін дегенше, басбұзарды ешқайда жібермей ұстап тұрады.

Күдікті 1970 жылы туған Өзбекстан азаматы екен. ҚР ҚК 293 бабы 3 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оқиға сол жердегі бейнебақылау камерасына да түсіп қалған екен.

Қалалық ішкі істер басқармасы батыр келіншекті марапаттауға шақырды. Ол ұрыны ұстау кезінде пышақ жарақаттарын да алған. Салтанатты шараға 3 жастағы ұлымен келген келіншекке арнайы марапат табыс етіліп, алғыс білдірілді.

LOVD-2-1024x576

“Әйел айқайлай бастағанда, мен көмек көрсетуге шықтым. Әрине, бұл тәуекелге барған сәт болды. Мен шыққанда ол пышақ сілтеп жатыр екен, мен онымен тіресіп жүріп қаруын тартып алдым”, – дейді Манзура Таштемірова. Ол сондай-ақ, вокзалда 13 жылдан бері сатушы болып істеп келе жатқанын, бірде-бір рет мұндай әрекет болмағанын да айтты.

Полиция күдікті Әлішер Сапарбаев бұрын да Қазақстан аумағында есірткі саудасына байланысты сотталған азамат екенін хабарлады.

Талқылау