Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік кеденшілер өздері құтқарған ер адамның жағдайын біліп қайтты 

Мұхамед Мүбәраков өзін жанып жатқан автокөліктен құтқарып қалған азаматтармен кездесті. Ер адам өзін кімнің сүйреп шығарып, арашалап қалғанын да ұмытып қалыпты. Тек өз-өзіне келген соң барып ғана, олардың кеденшілер екенін білген.

fff

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Мұхамед Мүбәраков бұл күні өмірге қайта келдім деп санайды. Ол қазір облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ол күрделі жарақаттар алған. Қазір дәрігерлермен бірге оған үлкен ұлы күтім жасап жатыр.

Сол күні Мұхамед Сарыағаштан Шымкентке келе жатқан еді. Облыс орталығына жете бергенде оған қарсы беттегі Нексиа көлігі соқтығысып, өрт тұтанады. Қырсыққанда есік кілттеніп қалып, іштен құтылып шығу тіпті қиындап кетеді.

555

“Біздің көлікте тағы екі жігіт болған. Олар терезені сындырып, шықты. Мені әйтеуір, бір кісілердің шығарып жатқаны есімде. Бірақ, нақты кімдер екенін біле алмадым. Кейіннен кеденде жұмыс істейтін азаматтар екенін білдім”, – дейді Мұхамед Мүбәраков.

Ауруханаға жеткізілгеннен кейін, ол үш күнді жансақтау бөлімінде өткізді. Есін жиған соң ол, өзін құтқарып қалған адамдармен кездескісі келеді.

“Олардың ешқайсысын ұмытпаймын. Менің отбасым оларға шексіз алғыстарын білдіріп жатыр. Аяққа тұрған сайын оларды қонақ етемін және келешекте де араласып тұрамыз деп ойлаймын”, – дейді Мұхамед.

Көлікте өрт құшағында қалған ер адамға кеден бекетінің қызметкерлері Ержан Белесов пен Ғани Ағатаев көмек көрсетіп, өмірін құтқарған. Жұмыстан қайтып келе жатқан екеуі жанып жатқан көлікті көреді. Айналасында адамдар жиналып қалғанмен, жалынмен арпалысуа ешкімнің дәті бара қоймаған. Олар бір сәтке де аялдамастан, көмек көрсету керек деп шешкен. 6666666

“Біз терезені сындырып, адамдарды шығара бастадық”, – ОҚО “Жібек Жолы” кеден бекетінің қызметкері Ержан Белесов.

Олар Мұхамед Мүбәраковты құтқарып ғана қоймай, өз қолдарымен ауруханаға жеткізген. Алайда ,олар өздерін ерлік жасадық деп сезінбейді. Орындарында болса кез-келген ер адам осы әрекетке барар еді деп ойлайды. Олардың ерлікке пара-пар істерін ескерген кеденшілер әріптестерін марапатқа ұсынбақ.

Талқылау