Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік кебістер Бішкекте ескерткішке айналды

Қазақстандық кебістерді қырғыз астанасындағы америкалық университеттің алдында көптеп кездестіруге болады. Екі жұпты кебіс қазірде қалада біраз танымалдылық жинап, көпшіліктің жиі келетін орынына айналған.

12

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Резеңкеден жасалған аяқ киім өнімінің сыртына “Шымкенттік кебіс” деп жазылған. Бұл керемет компазиция шымкенттік “Қызыл трактор” шығармашылық тобының жасаған сыйлығы екен. Аяқ киімдегі өлшем орынына аймақтың автомобильдік нөмірі – 13 саны жазылған.

45

Жергілікті студенттер өте үлкен әрі кіші кебістер аяқ киімнің баспалдақтан әрі аспай бергі тұста қалатындығын жақсы бейнелеген деп санайды. Бұл ерекше назар аударарлық жәйтке қырғызстандықтардың көзқарасы біркелкі емес.

63

Көбісі кебістермен риза кейіпте, таңқалып естелікке суретке түсіп жатыр. Алайда бірқатары Бішкекте кебіс өндіріп шығаратын тоғыз фабрика бар екеніне қарамастан, бүкіл назардың қазақстандық аяқ киімдерге ауып кеткеніне таңқалатындарын жасырмайды.

Талқылау