Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік кәсіпкер қаңтардың бірінен бастап әр жұма тегін нан таратады

Шымкенттегі дүкендердің бірінде жұма сайын тегін нан таратылады. Еркін Ахметовтің «Мехруз» атты азық-түлік дүкені аса үлкен емес. Мұнда бір залда азық-түлік тауарлары мен күнделікті тұрмысқа қажетті заттар сыйып тұр. Бір қарағанда өзге дүкендерден ерекшелігі жоқ.

кәсіпкер

Бұл туралы Отырар арнасы хабарлайды.

Дегенмен, әр аптаның жұмасы күні мұнда осы ауданның түкпір-түкпірінен адамдар келеді. Себебі, бұл күні таңертеңнен кешке дейін осы дүкеннен тегін нан алуға болады.

Дүкен иесі бұл қайырымдылығын 1 қаңтардан бастаған. Себебін ашып айтқысы келмегендей.
«Біз тауып отырған табысымыздың бір бөлігін осындай қайырымдылыққа жұмсауды шештік. Ал жұманы таңдаған себебіміз, бұл күн — мұсылмандар үшін қасиетті күн. Бірақ, біз адамдарды дініне қарап бөлмейміз. Жұма күні кім келсе де тегін нан алып кетеді»,-дейді дүкен қожайыны.

заннн
Кәсіпкердің айтуынша, акция басталғаннан тегінге құмартқандар күрт көбейіпті. Сол үшін бір адамға екі бөлкеден артық бермеуді шешіпті. Әйтпесе, он, тіпті, жиырма нан алғысы келетіндер болған екен. Алайда, сиыры мен итіне нан бергісі келгендер сатып алсын, ал мұқтаждарға тегін нан жетсін» деп шешім қабылдайды дүкен иесі.

«Бүгінде жағдай біраз қалыпқа келді. Өз тұтынушыларымызды біліп алдық. Дегенмен бұрын соңды көрмеген адамдарымыз да келіп тұрады. Таңғы 9-дан кешкі 9-ға дейін 300-400 нан таратылады»,-дейді Еркін Ахметов.

Талқылау