Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік қарызын қайтармау үшін өзін жоғалды деп тығылып қалған

Шымкентте өзін-өзі белгісіз адамдар ұрлап кетті деген жігітті полиция қызметкерлері бір тәулік бойы іздестірген.

дела

«14 тамыз күні  Қаратау аудандық  ІІБ 1970 жылы туған әйел 1993 жылы туған ұлын белгісіз біреулердің  «Ваз» көлігіне мінгізіп, түсініксіз бағытқа алып кеткенін айтып шағым түсірді. Қазір анықталғандай 23 жастағы «жәбірленуші» өзі  ұрланғаны туралы таныстары арқылы сөз таратқан»,-делінген ІІД жолдаған хатта.

Жігіт бір тәулік өткен кезде жалға алынған пәтерден табылған. ІІД-і қызметкерлерінің сөзінше жігіт мұндайға қарызын қайтармау үшін барған.

Қазір болған жайтқа байланысты  жалған ақпарат тарату бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

 

Талқылау