Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкенттік ғалым Ұлыбританияда жүріп революциялық құрылғы жасап шығарды

Қазақстандық Францтың классикалық қорапшасының жақсартылған нұсқасын жасап шығарды.

Бұл туралы Sputnik басылымы хабарлайды.

Британиялық фармацевтикалық компанияда жұмыс істейтін Ғабит Нұрымбетов есімді ғалым дәрілерді тестілейтін революциялық құрылғы ойлап тапты. Бұл құрылғы тұпнұсқасына қарағанда жылдам жұмыс істейді.

“Диффузиялық қорапша химиялық инженерлік пластиктен жасалған. Ол әдетте “Формула-1” көліктерін жасауда қолданылады. Құрылғы, мұнымен қатар, түрлі дәрілердің құрамын жылдам тестілеуге көмектеседі. Әдетте мұндай құрылғылар бір дәріні бір жыл бойы тестілесе, аталған құрылғы мұны үш ай ішінде тестілейді”, – деп жазылған Warwick университетінің хабарламасында.

Ғабит Нұрымбетов Шымкент қаласында дүниеге келген. Ол Қазақстан-Британ университетін тәмамдаған. Ал Warwick университетіне осыдан 8 жыл бұрын түскен.


Астанада шу шығарған ата-аналар жұмыстан қуылған ұстазды қайтаруды талап етуде

Алматыда Сейфуллин және Абылай хан даңғылдары бір бағытты болып өзгермек

21 қазанға арналған ауа райы болжамы

 

Талқылау